Vertu Constellation V User Manual Page 88

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 102
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 87
Құлаққаптардың есту аппараты үйлесімділігін анықтау және өлшеу үшін, ФБК қосымшалары ANSI
C63.19 2007 нұсқасы және 2011 нұсқасы; ANSI C63.19 стандарты цифрлық құлаққаптардың М
дәрежелі және Т дәрежелісін анықтауға арналған сынау процедураларын көрсетеді.
Егер құлаққап ANSI C63.19 сәйкес M3 немесе M4 дәрежесіне сай болса, акустикалық қатынасқа
арналған есту аппараты үшін үйлесімді деп есептеледі. Егер құлаққап ANSI C63.19 сәйкес T3
немесе T4 дәрежесіне сай болса, индуктивтік қатынасқа арналған есту аппараты үшін үйлесімді
деп есептеледі. (Барлық есту аппараттарының ішінде катушка бола бермейді.) Бұл құрылғы ANSI
C63.19 2007 нұсқасына сәйкес сыналды және M3/T4 дәрежесіне сай болып табылады.
Бұл телефон пайдаланылатын сымсыз технологиялардың кейбірін есту аппараттарымен
пайдалану үшін сынақтан өткізілді және дәрежеленді. Дегенмен, бұл телефонда есту
аппараттарымен пайдалануға арналған сыналмаған жаңа сымсыз технологиялар болуы мүмкін.
Есту аппараты немесе кохлеарлық имплантат арқылы кез келген кедергішудың естілу-естілмеуін
анықтау үшін бұл телефонның әр түрлі мүмкіндіктерін толығымен пайдалану маңызды болып
табылады. Есту аппаратының үйлесімдігітуралы ақпарат алу үшін қызмет провайдері немесе
Vertu тұтынушыға қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Қайтару немесе алмастыру
саясаттары туралы сұрақтарыңыз болса, Vertu тұтынушыға қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз.
Шектеулі немесе қауіпті аймақтарда телефонды өшіру
Ұялы телефонды пайдалану рұқсат етілмеген жерде немесе кедергі, не қауіп тудыратын жерде,
мысалы, медициналық жабдық, отын, химикаттар, не жарылатын аймақтардың жанында
телефонды өшіріңіз.
Саяхаттау кезіндегі ұшақ профилі
Арнайы телефонды өшіру туралы сұрау болмаса, Ұшақ (дербес) профильді таңдай аласыз, бұл
қоңыраулар жасау немесе қабылдау, ұялы желі қамтуын талап ететін басқа мүмкіндіктерді
пайдалану мүмкін еместігін білдіреді. Дегенмен, жедел қоңырауларды жасай аласыз.
Көліктерде пайдалану
Радио сигналдар автокөліктегі электрондық отын бүрку, электрондық құлыптауға қарсы
тежегіштері, электрондық жылдамдықты басқару және қауіпсіздік жастығы жүйелері сияқты дұрыс
емес орнатылған немесе дұрыс қорғалмаған электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін. Қосымша
ақпарат үшін, көлік немесе осы жабдық өндірушісіне хабарласу қажет.
Мамандандырылған қызметкерлер ғана көлікке телефонды орнатуы қажет. Ақаулы орнату
немесе қызмет қауіпті болуы мүмкін және кепілдікті жарамсыз етуімүмкін. Көлігіңіздегібарлық
сымсыз құрылғы жабдығы орнатылғанын және дұрыс жұмыс істейтіндігін жүйелі түрде тексеріңіз.
Жанғыш заттар, газдар немесе жарылғыш заттарды телефон, оның бөлшектері немесе
аксессуарларымен бір бөлмеде сақтамаңыз немесе тасымаңыз. Қауіпсіздік жастықтары үлкен
қысыммен үрленетіндігін есте сақтаңыз, сол себепті телефон немесе аксессуарларды қауіпсіздік
жастығының ашылу аймағына қоймаңыз.
Қауіпсіздік және кепілдік
© 2013 Vertu Corporation Limited. Барлық құқықтары қорғалған. 88
Page view 87
1 2 ... 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 ... 101 102

Comments to this Manuals

No comments